Атырауда жолаушылар автобусы мектеп оқушысын қағып кетті

Машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, дорога, дороги, транспортное движение, дорожное движение, дорожный трафик, улица, улицы, разметка, разметки, вафельная разметка, вафельные разметки, правила дорожного движения РК, ПДД РК, общественный транспорт в Алматы, автобусы в Алматы, автобус, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 11:17 Фото: Zakon.kz
Атырау қаласында жолаушылар автобусы жетінші сынып оқушысын қағып кетті. Жол апатынан оқушы қыз бен қоғамдық көліктің екі жолаушысы зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақ Жайық" басылымының 2026 жылғы 22 қарашадағы мәліметінше, жол апаты 19 қарашада сағат 12:10 шамасында Азаттық даңғылында, "Торговая база" аялдамасы маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, автобус оқиға кезінде №64 бағыт бойынша жүріп бара жатқан.

"Оқушы қыздан бөлек, Yutong маркалы автобустың тағы екі жолаушысы зардап шекті. Олар медициналық көмекке жүгінді", – деп нақтылады Атырау облыстық Полиция департаменті.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Атырау – Индер тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, сегіз адам зардап шеккен еді. Түнгі жол апатының кадрлары әлеуметтік желілерде тараған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: