Атырауда автобус 9 жастағы оқушыны қағып кетті

Скорая помощь, медицинская служба, машина скорой помощи, машины скорой помощи, автомобиль скорой помощи, карета скорой помощи, бригада скорой помощи, скорая медицинская помощь, скорая медпомощь, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2026 15:57 Фото: Zakon.kz
Атырауда жолаушылар автобусы 9 жастағы мектеп оқушысын қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы 2026 жылғы 24 сәуір күні кешкі уақытта болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға шамамен сағат 18:00-де Атырау – Дамба автожолында тіркелген.

Алдын ала дерек бойынша, 62 жастағы жүргізуші басқарған Yutong маркалы қоғамдық көлік 2018 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Кәмелетке толмаған бала жедел жәрдем бригадасымен Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті материалдар жиналуда", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін, жылдамдықты асырмау және жаяу жүргіншілерге жол беру міндетті екенін еске салды.

Ведомство өкілдері көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау аса маңызды екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: