Ақтауда автобус екі оқушыны қағып кетті

Ақтауда автобус екі оқушыны қағып кетті. Автобус жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрған кезде өтіп бара жатқан. Осы кезде балалар жол қозғалысы ережелерін елемей, жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz-тің хабарлауынша, жарақат алған бір баланың аяғы сынған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылған. Ал екінші баланың қолы сынған. Басылым баланың травматология бөлімінде жатқанын жазды.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне жол апаты фактісін растады.
"Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript