Атырауда автобус жүргізушісі 6 жастағы баланы қағып өлтірді
Сурет: Zakon.kz
Атырауда автобус жүргізушісі 6 жасар баланы қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні таңертең "Байтақ-2" шағын ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бала автобус аялдамасы маңында жолдан өтіп бара жатқан кезде қоғамдық көлік оны қағып кеткен.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, автобус рөлінде 58 жастағы жүргізуші отырған.
"Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды, қылмыстық іс тіркелді және сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне орай басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript