Түнде Ақтөбеде жас жүргізуші екі адамды қағып кетті

Ақтөбе облыстық ІІД
Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 15 шілде күні түнгі сағат 02.30-да жас жігіттің басқаруындағы "Тойота Лэндкрузер " автокөлігі Б.Момышұлы көшесінің бойымен Қызылжар ауылына қарай келе жатқан жолда жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермей, бірден 2 жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды zakon.kz Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде екі жаяу жүргінші де түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Полицейлер тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын элементтерді алып жүру көлік жүргізушісіне 120-140 метр қашықтықта жаяу жүргіншіні көруге мүмкіндік беретінін еске салады. Жолда сақ болыңыз. Жол қозғалысы ережелерін әрдайым сақтау қажет!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты