Көбейтұз көліне джиппен қойып кеткен жүргізуші көпшіліктен кешірім сұрады

Сурет: zakon.kz
Ақмола полициясының қызметкерлері құқық бұзушыны екі бап бойынша жауапқа тартты.

Жол талғамайтын көлігімен Көбейітұз көліне қойып кеткен жүргізуші бұл әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Видео полиция бөлімшесінде түсірілген, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол видеода Нұр-Сұлтаннан Екібастұзға іссапарға шыққанын айтады. Жолда кезіге кеткен танымал қызғылт көлге тоқтай кеткенді жөн көреді.

- Әрине, менікі дұрыс емес, қателестім, сол үшін кешірім сұраймын. Көлге өз аяғыммен де баруға болар еді, бірақ осылай болды. Мен қатты, қатты кешірім сұраймын, әлеуметтік желілерде бұл жайт кеңінен таралып, ол қызу пікірталасқа ұласыпты. Шынымды айтсам, осы 40 жасымда бұлай болады деп ойламаппын ..., - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола полициясының қызметкерлері құқық бұзушыны екі бап бойынша: жалпы су пайдалану ережелерін бұзу және жалпы аумақты ластау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айыппұл мөлшері 13 890 теңгені құрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды