ҰҚК қызметкерлері Жаңаөзеннің екі тұрғынын ұстады

Баспасөз қызметі
Тінту кезінде заттай айғақтар табылып, тәркіленді, оның ішінде екі пулемет, үш тапанша, дыбысты тұншықтырғыш құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер де бар.

Деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақты заңсыз өндіру және сату бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының 2 тұрғынын, деструктивті діни ағымның жақтаушыларын ұстады. Тінту кезінде заттай айғақтар табылып, тәркіленді, оның ішінде екі пулемет, үш тапанша, дыбысты тұншықтырғыш құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер де бар.

9 тамызда сот күдіктілерді қамауға алуға санкция берді.

Тергеушілер айыпталушылардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатыстылығын және істің басқа да мән-жайларын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді