Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде жастар дискотека ұйымдастырған

ПД
Полиция қызметкерлері бұл шағымды негізге ала отырып, тәртіп бұзушыларға айыппұл салған.

Алматы қаласының тұрғыны түнде тұрғын үйдің төбесінде үнемі шулы кеш өтетіндігіне шағымданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мен 04.04.2020 жылы сағат 23.15 шамасында сіздің атыңызға арыз жаздым. Байзақов көшесі, 170 мекен-жайында орналасқан 9 қабатты үйдің шатырында әр аптаның жұма және сенбі күндері дискотека ұйымдастырылады. Музыканың дауысының қаттылығы сонша бүкіл ықшамауданға естіледі. Сізден осы мәселеге қатысты шара қолдануыңызды сұраймын, - деген ол Facebookарқылы Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығына шықты.

Полиция қызметкерлері бұл шағымды негізге ала отырып, тәртіп бұзушыларға айыппұл салған.

- Сізден түскен шағым бойынша Алмалы аудандық ПД қызметкерлері шұғыл шаралар қабылдады. Байзақов көшесі, 170 мекен-жайында орналасқан 9 қабатты үйдің шатырын тексерді, кінәлілерге 434-2 бап - "Қоғамдық орындардың ластануы", 440-бап - Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе мас күйінде қоғамдық орындарда көріну бойынша хаттама толтырылды, - деді бөлім бастығы Есен Ысқақов.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы