Маңғыстау облысында 16 жасында жоғалып кеткен қыз 8 жылдан соң табылды

Ашық дерекөздерден алынды
Ол осы уақыт аралығында Алматыда тұрыпты.

8 жыл бұрын 16 жастағы қыз оқуға емтихан тапсыруға Алматыға кетіп, содан із-түссіз жоғалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Tumba.kz-ның хабарлауынша, осы жылдар ішінде ата-анасы қыздан еш хабар ала алмаған.

"Қанша уақыт өтсе де іздеу ісі жабылмайды, сондықтан жоғалып кеткендерді іздеу жалғаса береді. 12 және 15 жылдан кейін жоғалған адамдар табылып жатады. Бұл жолғы қыз да ұзақ уақытқа жоғалған, сондықтан оны ата-анасы мерт болды деп санаған, - дейді полициядағылар.

Қыз Алматыдан табылған, ол осы мегаполисте жоғалып кеткен. Қыздың жоғалуына осы қалада оқуға тапсырған емтиханнан құлауы себеп болыпты. Қыз бұл туралы ата-анасына айтуға ұялып, үйдегілердің көзіне көрінбеуді жөн деп тапқан. Ол, міне 8 жылдан кейін ғана үйіне қайтып келіп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді