Жаңаөзендегі инкассаторларға жасалған шабуылға қатысты полиция түсініктеме берді

Қаладағы полиция жасақтары күшейтілген күзет режиміне көшірілген.

Жаңаөзен қаласының полиция қызметкерлері инкассаторлардың көлігіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қалалық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жаңаөзен жолдарының барлығы қатаң бақылауға алынған, полиция отрядтары қала мен оның айналасында күшейтілген күзет режимінде жұмыс істеп жатыр.

Инкассаторлардың көлігіне шабуыл жасалған және күдіктілердің ақ түсті көлікке мініп, ізін суытқан сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қалалық ПД-ның барлық жеке құрамы шабуылға күдіктілерді іздеу мен ұстауға жұмылдырылды, деп атап өтті облыстық полициядағылар

Бұған дейін Жаңаөзенде белгісіз біреулер инкассаторларға шабуыл жасап, 73 миллион теңгеден астам ақшаны қолды қылғандары хабарланған болатын.

Қылмыскерлер алдында ғана кассадан алынған, жалпы сомасы 62 532 542 теңгені құрайтын үш қап ақша мен мульти-кассетаны, 19 696 АҚШ долларын, 495 450 Ресей рублін иемденген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: