Башқұртстанда үйінің қашасына қыстырылған әйел үсіп, қайтыс болды

s1.1zoom.ru
Ол қашаға қыстырылған күйі түні бойы тұрған.

Башқұртстанда әйел адам түнде қашаның қуысынан өтемін деп, қыстырылып қалған. Аяқ астынан қиындыққа тап болған әйелге көмектесетіндей айналада тірі жан табылмаған, салдарынан ол мұздап қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

UFA1.RU мәліметі бойынша, әйелдің өлі денесін жұрт тек таңертең байқаған.

Оқыс оқиға Чишминск ауданы, Дем ауылында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, дала қараңғы болғандықтан әйелді ешкім байқамаған.

- Тергеуге дейінгі тексеру жүріп жатыр. Қазіргі уақытта оқиға болған жер қаралып, сот-медициналық сараптама тағайындалды, куәгерлер сөзге тартылып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыстық белгілер анықталған жоқ, деп атап өтті тергеушілер.

Басылымның дереккөзі атап өткендей, марқұм кілтін үйінде ұмытып кетіп, оған өзінше бөлек жолмен кіруге тырысқан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Биылдан бастап 10, 20 жылдық көліктерге салық 30%-ға азаяды

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады