Пәтерде покер залын ашқан Шымкент тұрғыны сотталды

видеодан кадр
3 покер ойынына арналған полотно, 1 бейне тіркегіш, 1400 астам казино фишкалары, 5 колода ойын карталары мемлекет кірісіне алынды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың тағы бір дерегін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, қала тұрғыны Шымкент қ. 4-ші шағын ауданында пәтерді жалға алып, аталған пәтерде заңсыз "покер" құмар ойынын ұйымдастырған.

Заңсыз ойын ойнауға арналған ойын үстелі, фишкалар, колода карталарын және диллер тастарын алып, өзінің таныстарына "покер" құмар ойынын ойнатып, ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз іске асырған.

Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен қала тұрғыны ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 200 АЕК мөлшерде айыппұл салу жазасы тағайындалған.

Тәркіленіп алынған 3 покер ойынына арналған полотно, 1 бейне тіркегіш, 1400 астам казино фишкалары, 5 колода ойын карталары – мемлекет кірісіне айналдырылды, ал 2 дана диллер тасы, 3 дана суреттер салынған мөртаңбалар және әр түрлі сандар жазылған қағаздар жойылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы