Қарағандыда әскери бөлімде 18 жасар сарбаз көз жұмды

Сурет: zakon.kz
Марқұм әскери борышын өтеген бөлімде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді, карантин жарияланды. Онымен байланыста болғандардың барлығы Қарағанды ​​облысы бойынша ұлттық сараптама орталығына сараптамаға жіберілді.

Қарағанды ​​облысының әскери бөлімдерінің бірінде төтенше жағдай орын алды. Түркістан облысынан шақырылған 18 жастағы әскери cарбаз менингиттен қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz Newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

2 ақпанда сағат 08.00 шамасында №6505 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Жағып Р. өзән әлсіздік ж"не нашар сезініп тұрғанын айтып, шағымданды. Санитарлық нұсқаушының қарағаннан соң сарбаз Абайдағы орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Медициналық тексеру кезінде әскери сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сағат 11.00-де дәрігерлер қатардағы жауынгердің өлімі тіркелгенін жариялады, - деп хабарлады басылымға Орталық аймақтық қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әскери қызметін өтеуші жауынгер өліміне фульминантты түрдегі"жедел менингококкемия" себеп болған.

Марқұм әскери борышын өтеген бөлімде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді, карантин жарияланды. Онымен байланыста болғандардың барлығы Қарағанды ​​облысы бойынша ұлттық сараптама орталығына сараптамаға жіберілді. Орталықтың басшылығы мен жеке құрамы қатардағы жауынгерлердің отбасы мен достарына көңіл айтты, тергеу басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды