Мамандар Байқоңырда қайтыс болған оқушы өлімінің себебін жариялады

Facebook/Nurzhan Rakhmetov
21 ақпанда Байқоңырда 2013 жылы туған екі ұлдың жоғалып кеткені белгілі болды. Кейінірек балалардың біреуінің денесі табылды.

Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып кеткен бала өлі табылды. Өлімнің себебі механикалық асфиксия делінеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің тергеу басқармасы Байқоңыр өткелінен шамамен 500 метр қашықтықта Сырдария өзенінің жоғарғы жағындағы сең арасынан Ерхан Анастың денесі табылғанын хабарлады.

Сот-медициналық сараптама баланың өліміне суға бату кезінде тыныс алу жолдарының жабылуына байланысты механикалық асфиксия себеп болғанын анықтады.

Мәйітте басқа дене жарақаттары жоқ. Анасқа қарсы күш қолдану белгілері де табылмады, - делінген хабарламада.

Енді екінші баланы іздеу шарасы жалғасуда. Оған жергілікті тұрғындар, авиациялық техника, сүңгуірлер, волонтерлар тартылған.

21 ақпанда Байқоңырда 2013 жылы туған екі ұлдың жоғалып кеткені белгілі болды. Кейінірек балалардың біреуінің денесі табылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді