Петропавл қаласының әкімдігі 21 ақпанда өрттен зардап шеккендерге көмектесемін деушілерден жылу жинау басталғанын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақпарат қала әкімдігінің Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.
Жылу жинау шарасы Қалалық мәдениет үйінде өтеді.
Сонымен қатар өрттен зардап шеккендердің туыстары олар жайлы ақпаратты Ikomek-109 диспетчерлік қызметінен біле алады. 109 нөмірі тегін.
Жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жарылыс фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу-жедел тобы құрылды. Жарылыстың себебін анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды, - деді Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Шамамен сағат 16:00-де Петропавлдағы Интернациональная көшесі, 21-ші үйдің бес қабатты ғимараты өртке оранды, өртке бірінші қабатта газ баллонының жарылуы түрткі болған.
Екі адам сол жерде қайтыс болды. Тағы 13 адам жарақат алды. Олардың төртеуі, оның ішінде 2020 жылғы бала да үйлеріне жіберілді. Әртүрлі дәрежедегі жарақат пен күйік алған 8 адам облыстық және көпсалалы қалалық ауруханаларға жатқызылды, - Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі