Танымал қос әнші клубта ән салып, карантин нормаларын өрескел бұзған

Видеода Диас Аблаевтың 35 жасқа толған туған күнін тойлап жатыр.

Әлеуметтік желілерде алматылық клубтардың бірінде елімізге танымал қос халық әншілерінің карантин кормаларын бұзып, сайран салған балаларының видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Егер екеуінің кінәсі дәлелденсе, онда оларға 80 мың теңгеден айыппұл салынады, деп хабарлайды КТК.

Әнші Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаевтың туған күніндегі видеоға қатысты тексеріс басталды Тойдың арты тексеріске әкелді. Әлеуметтік желіде тарап кеткен әнші Диас Аблаевтың туған күн кешінде түсірілген видеосына байланысты мониторинг топ тексеруге кірісті.

Видеода Диас Аблаевтың 35 жасқа толған туған күнін тойлап жатыр. Бейнежазбамен инстаграм парақшасында өзі де бөліскен. Туған күн иесі атаулы күнінде шығармашылықта жүрген жақын достарын жинапты. Арасында Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов та жүр. Қонақтардың барлығы шоуға толы кештен үзінділерді әлеуметтік желіге жарыса салған. Әдетте сау етіп келе қалатын мониторинг топ беделді мейрамханаға бас сұқпаған. Олар той тарқаған соң барып тексеруді бастапты. Ал бұл жағдайға қатысты Аблаев та, оның жұлдызды жолдастары да ешқандай түсініктеме бермеді. Сәдуақас Байғабылов,

Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Мониторинг топпен қаралады. Ең алдымен қай ауданда, қандай мейрамханада, қашан болғанын анықтау керек. Бұл біршама уақыт қажет етеді. Егер расымен картин талаптарын бұзғаны белгілі болса, заң жүзінде жауапқа тартылады. Яғни мейрамхана басшысына 230 айлық есептік көрсеткіш, ал келушілерге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: