Алматы облысында ақша бопсалаушылар ұсталды

Алматы облыстық ПД
Тінту кезінде жедел уәкілдер олардың бірінен шолақ екі мылтық, үш оқталған патрон мен тапанша тауып алды.

24 ақпанда 45 жастағы Талдықорған тұрғыны Алматы облысының полиция департаментіне белгісіз біреулер өзінен 9 миллион теңге бопсалағаны туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 2-бөлімі, 4-тармағы, яғни "Бір топ адамның ірі көлемде мүлікті иемдену мақсатында бопсалау" бойынша өндіріске алынды.

20 сәуірде арнайы операция кезінде Алматы облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарқандта Сарканд ауданының 26, 28 және 56 жастағы үш тұрғынын ұстады. Тінту кезінде жедел уәкілдер олардың бірінен шолақ екі мылтық, үш оқталған патрон мен тапанша тауып алды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3-тармағы, яғни "Қару сақтау" бойынша тіркелді.

Барлық күдіктілер тергеу судьясының қаулысымен қамауға алды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме