Ақмола облысында жоғалып кеткен студент өлі табылды

1pnz.ru
Өз қылмысын мойындаған Щучье қаласының 20 және 22 жастағы екі тұрғынын ұсталды. Олар жәбірленушінің денесін жасырған жерді көрсетті.

Ақмолалық ізкесушілер студентті өлтірді деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мамырда сағат 16:17-де Бурабай аудандық полиция бөлімшесіне 46 жастағы Щучье қаласының тұрғынынан арыз түскен. Ол 19 жастағы ұлын табу үшін шара қолдануды сұрады.

Анасы баласын соңғы рет 3 мамырда көрген. Сол күні бозбала сағат 21:00-де өзінің мерседесімен үйден шығып кетіп, қайта оралмаған, байланысқа да шықпаған.

Аталған факт бойынша іздеу шаралары жүргізілді. Нәтижесінде студенттің көлігі Щучье қаласындағы үйлердің бірінен табылды.

Осыдан кейін полиция кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Өз қылмысын мойындаған Щучье қаласының 20 және 22 жастағы екі тұрғынын ұсталды. Олар жәбірленушінің денесін жасырған жерді көрсетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді