1979 жылы туған Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазин Спутник V вакцинасын алғаннан кейін қайтыс болып кетті, деп хабарлайды zakon.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір өлім себебін анықтау үшін тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама басталды.
Бақытжан Нұртазин, 1979 жылы туған, 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Бақытжан Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған. 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Бақытжан Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған, – делінген Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарламасында.
Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады.