БҚО-да жаппай уланған мұнайшыларға қатысты тың дерек жарияланды

pikabu.ru
Дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің жалпы саны - 9 адам.

Батыс Қазақстанда іші ауырып, жаппай ауруханаға түскен мұнайшыларға гастроэнтероколит деген диагноз қойылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мой город" порталының мәліметтері бойынша, дәрігерлер көмегіне жүгінгендердің жалпы саны - 9 адам.

Алты науқас жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды, одан кейін солардың екеуі жансақтау бөліміне ауыстырылды. Бүгінгі күні барлық науқастар аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Үш науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда. Барлығының ауруы орташа ауырлық дәрежесінде, - деп түсіндірді СЭК.

Айта кетсек, өткен демалыс күндері БҚО-да Бөрлі аудандық ауруханасына тамақтан уланған алты науқас түсті. Олардың барлығы облыстағы мұнай-газ компанияларының бірінің қызметкерлері. Ауыр халдегі екеуі жансақтау бөліміне жатқызылды. Қалған төртеуі жұқпалы аурулар бөліміне орташа ауыр жағдайда түсті. Қазір олардың барлығы орташа ауырлық дәрежесінде, тамақтан улану диагнозы бойынша ем қабылдап жатыр.

Жұмысшылар тамақтанған компания асханасында санитарлық эпидемиологтар тексеру жұмыстарын бастады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды