Мас жүргізушіден пара алған қос полиция қызметкері 7 жылға сотталды

zakon.kz
Олар мас жүргізушіден әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында медициналық тексеруден өтпесі үшін 800 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты бұрынғы екі полиция қызметкеріне қатысты сот үкімін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар мас жүргізушіден әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында медициналық тексеруден өтпесі үшін 800 мың теңге пара алды деп күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алмалы аудандық ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы Е.Акитбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы бөлімі, 3-бөлігі, 1.2 тармақтары (пара алу) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Алмалы аудандық ПД жанындағы Патрульдік полиция полкінің полиция қызметкері Р.Асылбеков те сол айып бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, тура сондай мерзімге сотталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Мектептер мен колледждердегі білім беру стандарттары өзгерді