Павлодарда Абай ескерткішін қорлаған адам көпшіліктен кешірім сұрады

Pavlodarnews.kz
Видеода ол Абайдың ескерткішін тазалап жүр.

Павлодарда Абай ескерткішін қорлаған адам өз кінәсін мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық сотқа сілтеме жасаған Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, 20 жасар Павлодар тұрғыны өз кінәсін мойындаған.

Сондай-ақ Instagram желісіндегі mypavlodar парақшасында Абай ескерткішіне жұмыртқа атып, қоқыс лақтырған адам Павлодар облысы халқы алдында кешірім сұраған жігіттің видеосын жарияланды.

Сот аталған адамның бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бергенін, яғни қоғамдық орындарды ластау, қоғамдық орындарда мас күйде жүру, алкогольдік ішімдіктер ішу, тыныштықты бұзу секілді бұзушылықтарды ескере отырып, оны жеті тәулікке қамау түрінде жаза қолданды.

Айта кетсек, демалыс күндері полиция қызметкерлері Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырып, айналасына қоқыс шашқан 21 жастағы азаматты тапты.

Жас жігіт өзінің сүйіктісімен дүрдараз болған соң ішіп алғанын, ашулы әрі мас күйінде осылай жасағанын айтып, ақталды. Полиция "Ұсақ құқық бұзушылық" бойынша оған жаза тағайындады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер