Алматыда Грузия азаматтары астыртын онлайн-казино ашып алған

zakon.kz
Сондай-ақ сотта заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайды жалға берушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу қарастырылуда.

Алматыда заңсыз ойын бизнесін бірнеше мәрте ұйымдастырған Грузияның екі азаматы сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеру кезінде "онлайн казино" үшін тыйым салынған бизнес түрін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшаларымен, атап айтқанда ставкаларды қабылдау, ұтыстарды есептеу және ақша беру функцияларын қолдайтын онлайн құмар ойындары бар 42 ойын компьютері тәркіленіп алынды,- делінген Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында.

Бұған дейін осы мекенжайда 62 ойын компьютері мен 3 ойын терминалы тәркіленіп, осы тұлғалар ұйымдастырған ойын залының заңсыз қызметінің жолы кесілген болатын.

Грузияның екі азаматы ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлімі 2-тармағы (аса ірі мөлшерде табыс табумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4,6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп атап өтті басқармадағылар.

Сондай-ақ сотта заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайды жалға берушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу қарастырылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады