Алматы облысында сот үш оқушы қызды қағып кеткен жүргізушіге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының No2 аудандық сотында 2 наурыз күні мас күйінде үш оқушы қызды қағып кеткен Әсет Демесіновке қатысты үкім шығарылды. Зардап шеккен қыздар 8-9 жаста болатын. Олардың екеуі қайтыс болды, үшіншісі ауруханаға түсті, оның денсаулығына орташа ауырлық дәрежесінде жарақат келген. Прокурор сотталушыны көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жаза тағайындау кезінде сот Демесіновтің шын жүректен өкініш білдіруін, оның мінез-құлқын және келтірілген зиянды толық өтеуін ескерді.
Сот сондай-ақ зардап шеккен тараптың ер адамды кешірмегенін, оған заңға сәйкес қатаң жаза сұрауын ескерді.
Нәтижесінде сот көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру.түріндегі ең ауыр жазаны тағайындады. Сот жәбірленушілердің біреуінің талаптарын қанағаттандырды, Демесінов қайтыс болған қыздың анасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуі керек.
Сонымен қатар, сот осындай қайғылы оқиғаға жол беруде ішкі істер бөлімі, аудандық прокуратура, сондай-ақ атқарушы билік органдарына жұмыста жіберілген қателіктерге байланысты жеке қаулы шығарды, - деді судья сот үкімін түсіндіргенде.