Алматы облысында ер адам өзенге ағып кетті

zakon.kz
Шарын өзені ағызып әкеткен ер адамды құтқаруға облыстық төтеншеліктер мен республикалық жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Бір тікұшақ көкке көтерілді.

Алматы облысында ер адам өзенге ағып кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы облысы Кеген ауданындағы Шарын өзеніне ағып кеткен 37 жасар азаматты құтқарушылар іздестіріп жатыр. Бүгін - 1 шілдеде сағат 11.15-те "112" пультіне осындай хабар түскен. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға болған жерге тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен құралдары жіберілді. 15 адамнан және 4 техникадан тұратын жеке құрам оқиға орнында жұмыс істеді. Сағат 12:05-те оқиға орнына сегіз адамнан және бір кинолог қызметінен тұратын ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жетті. Кейін "Қазәуеқұтқарудың" тікұшағы көкке көтерілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Кей дерек көздеріне сәйкес, ер адам туристік топпен жүріп, фотоға түсемін деп суға ағып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды