Алматыда ірі қаржы пирамидасын құрушылардың бірі ұсталды

Алматы қаласының полициясы "ACD Technology" компаниясының негізін қалаушы, 1971 жылы туған азамат М.-ны ұсталғаны туралы хабарлады.

Алматыда ірі қаржы пирамидасын құруға ат салысқан адам қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қаржылық пирамида құру және басқару бойынша "Astex.kz" ЖШС, "ACD technology" ЖШС, “Mudaraban Capital” ЖШС және Musharakan Capital” ЖШС қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу кезінде Алматы қаласының полициясы "ACD Technology" компаниясының негізін қалаушы, 1971 жылы туған азамат М.-ны ұсталғаны туралы хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, басты айыпталушы мырза К. ұсталған болатын. Кейінірек тағы екі күдікті - азамат Р. мен азаматша М. - уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеуді Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының тергеушілері жүргізіп жатыр. Жоғарыда аталған ЖШС қызметкерлерінің қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар мына телефондар арқылы хабарласа алады: 8 777 025 65 86 және 8 701 624 28 24, - деп еске салды Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: