Жалған екпе төлқұжатын жасатқандар шетінен ұстала бастады

Оралда осындай күдікпен бір мұғалім ұсталды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оралда мектеп мұғалімі короновирусқа қарсы екпе алғаны туралы құжатты қолдан жасады деген күдікпен істі болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, күдікті қала мектептерінің бірінде жұмыс істейді. Оның вакциналау төлқұжатын қалай жасағаны және өзге сыбайластарының бар-жоғы, әзірге белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

- Аталмыш жағдай Батыс Қазақстан облысында бірінші рет орын алып тұр. Қазіргі таңда барлық мән-жай анықталуда. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: