Алматыда курсант оқ тиіп, жараланды

pixabay.com
Құзырлы ведомства қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Алматыдағы Құрлық әскерлері әскери институтында орын алған оқиғаға қатысты ҚР Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде пайда болды.

20 шілдеде Құрлық әскерлері әскери институтында диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жаттығу кезінде курсанттардың бірі қаруды пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамауына байланысты автоматтан оқ атылды. Атылған оқ басқа курсанттың аяғына тиген. Жәбірленуші жедел түрде Алматыдағы Әскери клиникалық ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Курсанттың денсаулығына қатты қауіп төніп тұрған жоқ. Оқыс оқиға туралы ата-аналарға хабарланды, делінген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі түсініктемесінде.

Құзырлы ведомства қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тибетте қатты жер сілкінісі болды