Алматыда әлеуметтік орталықта 60-тан аса адам уланып, біреуі көз жұмды

pixabay.com
24 шілдеде 63 адам іші өткеніне шағымданған, одан басқа белгілер байқалмаған.

Алматы қаласында "Демеу" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында адамдар жаппай уланып, біреуі қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

СЭБД басшысының орынбасары Садуақас Байғабыловтың айтуынша, 24 шілдеде 63 адам іші өткеніне шағымданған, одан басқа белгілер байқалмаған.

Белгіленген симптоматикалық емнен кейін, түскі үзіліс кезінде науқастардың жағдайы жақсарып, сол күні кешке қарай денсаулықтары тұрақталды, - деп түсіндірді ол.

Байғабылов марқұмға бұрын екі рет ота жасалғанын атап өтті.

Жүрек-қан тамырлары жүйесі мен бүйректің созылмалы аурулары болған. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады, - деп қорытындылады дәрігер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады