Нұр-Сұлтанда бір бардың карантин режимін бұзып, жұмыс істеп жатқаны тікелей эфирден анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz мәліметі бойынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында 1 тамызда Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан “Какие люди” ресто-бардың карантин режимін бұзғаны анықталды. Мониторингілеу тобы келген кезде ақпарат расталды. Мекеме Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген сенбі және жексенбі күндері жұмыс жасауға тыйым салуына қарамастан, жұмыс істеген.
Ресто-бар,а келушілер көңіл көтеріп, караокемен ән айтқан, санитарлық нормаларды бұзған. Сондай-ақ әлеуметтік желіге шығып, тікелей эфир жүргізген. Столдар жасалып тұрған және келушілерін күтіп тұрған. Мекеме иесіне қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБК 425-бабымен әкімшілік жауапқа тарту үшін уәкілетті органға жолданды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, әкімдік қызметкерлерінен, волонтерлардан және полицейлерден құрылған мониторингілеу тобы карантин режимін анықтау бойынша рейдтік шараларды жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды елордалық ПД.
Азаматтар қолданыстағы қаулыға қарамастан, осы уақытқа дейін ойын-сауық мекемелерінен бас тартпай жатыр. Мобильді топтар демалыс күндері 155 кәсіпкерлік объектіні тексеріп, 40 бұзушылықты анықтады.