Атырауда таксиге бірге отырған бөтен ер адам әйелдің ізіне түсіп, тонаған

видеодан алынды
Күдікті әйелдің сөмкесінде ақшасы барын таксиде байқап қалып, ізіне түскен.

Атырауда әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметіне сәйкес, Атырауда 26 жастағы ер адам 45 жастағы әйел адамға күш көрсетіп, сөмкесін тартып алып, ұялы телефонын сындырған. Әйел адамның сөмкесінде 60 мың теңге қаражаты болған.

Полиция тергеу барысында 45 жастағы әйел адам мен күдікті бір-бірін танымаса да, Вокзал маңы ықшам ауданынан Нұрсая ықшам ауданына бірігіп, такси жалдап келгендігін анықтады. Сөмкеде ақша барын байқаған күдікті әйел адаммен қатарласа түсіп, арам ойын іске асырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда полиция қызметкерлері қылмыскерді “ізін суытпай” анықтап, ұстады. Сондай-ақ 26 жастағы күдіктінің әйел адамды жерге жығып, күштеп сөмкесін тартып алған сәті сол жердегі мейрамханалардың бірінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазіргі таңда атыраулық полицейлер аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2 бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі