Батыс Қазақстанда жас жігіт анасын өлтірді

Айқайдың аяғы аяусыз жұдырықтаумен, тепкілеумен тынған.

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында өз анасын ұрып өлтірген жігіт қамауға алынды. Ауыр қылмыс кеше кешкісін Трекин ауылдық округіне қарасты саяжайлардың бірінде жасалған. Бірлесе ішімдік ішу кезінде 1986 жылы туған азамат 61-дегі анасымен керісіп қалған, деп хабарлайды zakon.kz.

Айқайдың аяғы аяусыз жұдырықтаумен, тепкілеумен тынған. Кеудесінен соққы алған әйел оқиға орнында көз жұмған. Өз кінәсін жасыру мақсатында күдікті бастапқыда тергеушілерге жалған сөйлеген көрінеді, дейді "Еуразия" бірінші арнасы.

Мөлдір Садырғалиева, облыстық ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

Бұл қылмыс қиындығына қарамастан, яғни күдіктінің тергеуді алдап соғуға тырысуына қарамастан жедел ашылды. Бұл жерде полиция қызметінің жедел әрекетін атап өтуге болады. Қазір 1986 жылғы азамат қамалып, уақытша ұстау изоляторында. Қылмыстық Кодекстің 106-бабы, 3-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: