ШҚО-да рөлде телефонға үңілген таксист әйел апат жасады

Pixabay
Әйел 8 жылға сотталды.

Шығыс Қазақстан облысында әйел жүргізуші ұзақ мерзімге сотталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға екі ер адамның өмірін қиған. Жол-көлік апаты Семей – Өскемен тас жолында орын алды. 42 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұялы қосымша арқылы Семей қаласынан облыс орталығына дейін жеке жеңіл көлігімен жолаушы тасымалдаған.

Жолаушылардың айтуынша, көлік жүргізу кезінде жүргізуші әйел әлеуметтік желіде хат алмасып, ұялы телефонмен жиі сөйлесіп, смартфонға жиі назар аударып, көлік басқарған. Сонымен қатар, ол жолға назар аудармай жылдамдыққа ие бола алмай, қауіпсіздік жағына қарамаған.

Ол өркөкіректік танытып, алдындағы автогрейдерді озуға оқталған, алайда келе жатқан Lada көлігімен соқтығысады. Апат салдарынан келе жатқан көліктің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы, соның ішінде сотталушы әр түрлі дене жарақаттарын алды.

Әйелдің айтуынша, жүргізуші куәлігінен ол екі жыл бұрын айырылды, алайда кәмелетке толмаған екі баласы болғандықтан Семей мен Өскемен қалаларының арасында жеке көлігімен жолаушы тасымалдап күн көрген.

Ұлан аудандық сотының үкімімен әйел ҚР ҚК 345 -бабының 4 -бөлігі бойынша екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады. Әйел 8 жылға бас бостандығынан айырылды және қауіпсіздігі шектеулі мекемеде жазасын өтеп жатыр. Бүгінгі таңда сотталған қоныс - колониясында өндіріс орындарының бірінде жұмыс істейді, - деді ОВ 156/16 бастығының орынбасары Дархан Биғазиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты