Ақтөбедегі шахтада тағы да адам өлімі тіркелді

видеодан кадр
Кәсіпорында жыл басынан бері тіркеліп отырған 7-ші жазатайым оқиға.

Ақтөбедегі тау-кен байыту комбинатында жарылыс болып, 33 жастағы жұмысшы әйел көз жұмды. Ал учаскелік маркшейдер аудандық ауруханаға жеткізілді. Кәсіпорын басшылары оның жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Ал апатқа не себеп болғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. 33 жастағы марқұм келіншектің артында екі баласы қалды. Комбинаттағылар оның отбасына материалдық көмек көрсететіндерін айтты. Облыстық еңбек инспекциясының мәліметінше, бұл аталған кәсіпорында жыл басынан бері тіркеліп отырған 7 жазатайым оқиға.

Ақылбек Зейноллаұлы, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

Донской ГОК-тан хабарлама келіп түсті. Жарылыс жұмыстарын жасап жатқанда екі қызметкер жарылыс салдарынан өндіріс жарақатын алды деген. Адам өлімі мен дене жарақатына байланысты арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды