Алматыда күйеуі мен балаларының көз алдында бір келіншекті көлік қақты

zakon.kz
Жүргізуші жылдамдықты қанша бәсеңдетуге тырысқанымен, бірақ жол апытының алдын алу мүмкін болмады. Соққыдан әйел бірнеше метрге ұшып кетті.

Жол-көлік оқиғасына дейін ерлі-зайыптылар арасында жанжал болған, деп хабарлайды zakon.kz.

Апат Рысқұлов көшесінің бойында батыс бағытта Қазыбаев пен Бөкейханов көшелерінің арасында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, екі баласы бар ерлі-зайыптылар аялдамада тұрған. Ерлі-зайыптылар ұрсысып, төбеле бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, күйеуі әйелін ұрған. Бас сауғалай қашқан әйел жолға шығып, Toyota Camry көлігінің астына түскен.

Жүргізуші жылдамдықты қанша бәсеңдетуге тырысқанымен, бірақ жол апытының алдын алу мүмкін болмады. Соққыдан әйел бірнеше метрге ұшып кетті.

Дәрігерлер оқиға орнына жетті. Жүрекке массаж жасағаннан кейін жәбірленуші ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Апат орнында криминологтар жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды