Бетперде үшін қатты ашуланған завучтың жүйкесі сыр беріп, басы дауға қалды

Шахтинск қаласының білім басқарамасы түсініктеме беріп, бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтты.

Мұғалім оқушылардың мектеп дәлізінде медициналық бетперде тақпай жүргеніне қатты ашуланып, жүйкесі сыр берді. Ыңғайсыз сәтті балалар видеоға да түсіріп ала қойыпты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгіннен бастап 9 "б" сыныбы карантинде. Егер енді дәлізде бетперде тақпаған, кем дегенде, маймыл біреуіңізді көрсем, онда әкеңіз, не шешеңіз, мына араға келіп, айыппұл төлеу үшін қағаз толтырады. Мына, сендер секілді ақымақ маймылдардың кесірінен сыныптар топ-тобымен карантинге жабылады. Немене, сендер бетперде сәндік зат деп ойлайсыңдар ма? Біздің баламыз жоқ немесе әке-шешеміз жоқ деп ойлайсыздар ба? Сіздерге карантин режимін бұзуға кім рұқсат берді? Бұл Қазақстан Республикасының әкімшілік Кодексінде жазылған дүние! - деп Instagram-дағы "Патриоты Караганды" парақшасында завуч сөзі келтірілген.

Осыдан кейін ұстаз COVID-19 туралы қысқаша дәріс жүргізді.

COVID-тің не екенін білесіздер ме? Ауырғандардан сұраңыздар! Екі күнде екі сынып карантинге жатқызылды. Енді не, мына маймылдарға бетперде не екенін, дәлізде бетпердемен ғана жүру керектігін және кім қауіп-қатер тобына түсіп қалатынын түсіндіруім керек пе?! Егер сөз түсінбейтін сонша ақымақ болсаңыздар, онда: "Менің ұлым немесе қызым ақымақ! Сөз түсінбейді, мен де олар секілді сөз түсінбеймін» деп ақ пен қара секілді ап-анық қағазға ата-анаңыз түсініктеме жазып, маған әкелсін, - деп ашуланады завуч.

Шахтинск қаласының білім басқарамасы түсініктеме беріп, бұл факті бойынша қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: