Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып шыққан ұшақта бір жолаушы көз жұмды

pixabay.com
Көз жұмған жолаушының жынысы әйел деп көрсетілген, одан басқа марқұм туралы мәлімет жоқ.

Нұр-Сұлтаннан Шымкентке ұшып шыққан ұшақ бортында бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.

Qazaq Air-дың хабарлауынша, қайғылы оқиға 14 қыркүйекте орын алған.

Ұшу кезінде ұшақ экипажына салондағы жолаушының бірі өзін жайсыз сезініп, шұғыл көмекке мұқтаж екендігі туралы ақпарат түсті. Бортсерік жолаушыға жақындап келгенде оның есінен танғанын көрген, ал тамырын ұстағанда ешқандай тіршілік белгісі білінбеген, тыныстап та жатпаған. Бас ұшқышқа есеп беріліп, ол жолаушылардан көмек сұрады. Жолаушылар арасында дәрігер бар болып шықты.

Борттағы медициналық көмек жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, аға бортсерікпен бірге дәрігер жүрек-өкпе реанимациясын жасады, - дейді әуе компанияның баспасөз қызметі

Әуе компанияның хабарлауынша, ұшақ командирі жақын маңдағы әуежайға шұғыл қону туралы шешім қабылдады.

Әуе қозғалысының бағыты өзгергені туралы диспетчерлерге экипаж ескертіп, ұшақта болған жайды егжей-тегжейлі баяндады, жедел жәрдем көлігі шақырылды. Жезқазған әуежайына қонғаннан кейін ұшаққа жеткен дәрігерлер өлім фактісін тіркеді. Qazaq Air жолаушының отбасы мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, делінген Qazaq Air баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты