Желіге тараған видеодағы төбелесқұмар адам шымкенттік шенді ме

clodoserver.ru
Қазір осы жайтқа байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі өкілдігі тексеру бастады.

Әлеуметтік желіде жартылай жалаңаш күйдегі екі белгісіз азаматтың төбелесінің видеосы тарады. Бейресми ақпараттарда олардың Шымкент қалалық Экология департаментінің басшысы мен қызметкері екені айтылған, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Осыған орай Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі өкілдігі тексеру бастады. Қазір олардың жеке басына қатысты мәліметті тиісті орын анықтау үстінде.

Қазыбек ЕРБОЛАТ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Бұл мәселе бойынша ақпарат бізге келіп түсті. Қазіргі таңда ақпаратты жинау жұмыстары жасалып жатыр. Сондықтан қосымша ақпарат бере алмаймыз ешқандай. Тексеру жұмыстары аяқталмағанша ешқандай ақпарат беруге болмайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды