Полицейлер секірем деп қаза тапқан әйелдің оқиғасына түсініктеме берді

видеодан кадр
Бұған дейін Қарағандыда 33 жастағы әйел биіктіктен секіру кезінде апатқа ұшырап, жарақатының ауырлығынан қаза болғаны айтылған.

10 қазанда Қарағандының оңтүстік-шығыс полиция бөліміне "тарзанка" аттракционында апатқа ұшыраған азаматша туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Полицейлер тоғызқабатты үйдің төбесінен секірген 33 жастағы әйелдің жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылғанын анықтады.

Бұл факті бойынша полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 306 бабы 1-бөлігімен "Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды шығару немесе сату, қызметтер көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Дәрігерлер жәбірленушінің өмірі үшін күресті, бірақ алған жарақаттары тым ауыр болып, оны құтқара алмаған. ПБ жаңа деректер тауып, аталмыш қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 1-бөлігінен 306 баптың 3-бөлігіне ауыстырылды. Тергеу жалғасуда.

ПБ атап өткендей, "полиция осы қылмыстық іс аясында аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын, қауіпсіздік ережелері қаншалықтың сақталғанын анықтауда".

Бұған дейін Қарағандыда 33 жастағы әйел биіктіктен секіру кезінде апатқа ұшырап, жарақатының ауырлығынан қаза болғаны айтылған.

Жайна Тәттімбетова

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды