Астанадағы маңызды қиылыстардың бірінде солға және кері бұрылуға тыйым салынбақ

Астанадағы маңызды қиылыстардың бірінде солға және кері бұрылуға тыйым салынбақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2026 13:33 Сурет: Астана қаласының ПД
Астанада бірнеше жол қиылысында көлік қозғалысының тәртібі өзгермек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 24 қарашада қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Кезекті мониторинг нәтижесінде Пушкин көшесі мен Тәуелсіздік даңғылының қиылысына Жұбанов көшесі жағынан келетін көліктердің қозғалысы едәуір қиындайтыны анықталды. Бұл әсіресе қарбалас уақытта және демалыс күндері байқалады. Талдау көрсеткендей, кептелістің негізгі себептерінің бірі – осы қиылыста солға немесе кері бұрылатын көліктердің жиналып қалуы. Соның салдарынан тура бағытта жүретін көліктерге кедергі келіп, жолдың осы бөлігінің өткізу қабілеті төмендейді", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты қиылыстың өткізу қабілетін арттырып, көлік ағынын реттеу үшін солға және кері бұрылуға тыйым салу жоспарланып отыр. Солға бұрылуға тек маршруттық көлік құралдарына рұқсат берілмек.

Полиция өзге жүргізушілерге балама бағыт ретінде Тәшенов пен Кравцов көшелерін пайдалануды ұсынады. Бұл көшелерде жаяу жүргіншілер өткелдерінің алдында кері бұрылуға арналған арнайы орындар қарастырылған.

Полиция жүргізушілерді алдағы өзгерістерді ескеруге, жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және сапар бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Айта кетейік, Астанада жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханды онлайн тапсыруға мүмкіндік туды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: