Астанада әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысы уақытша жабылады
Фото: Zakon.kz
Астанада әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шектеулер 17 мамыр күні сағат 16:00-ден 18 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін енгізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript