Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада Қабанбай батыр даңғылы ішінара жабылады

Жол жабылады, Астана, Қабанбай батыр даңғылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 22:25 Сурет: Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы
Астанада 29 мамырдан бастап 3 маусымға дейін Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандары көшесі ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 28 мамырда "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ хабарлады.

"Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандары көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 2024 жылдың 29 мамырынан бастап 3 маусымға дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады", делінген хабарламада.

Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етілетін болады.


"Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз".
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: