ШҚО-да ерлі-зайыпты зейнеткерлерді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды

zakon.kz
Ол көршісі болып шықты. Ол ауыр қылмысқа баруына арадағы кикілжің түрткі болғанын айтып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында ерлі-зайыпты қос зейнеткерді айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды. Қолға түскен 37 жастағы азамат марқұмдардың көршісі болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Дүйім жұртты дүр сілкіндірген қанды қылмыс Прибрежное ауылында болған. Күдікті 83 және 74 жастағы зейнеткерлерді бірнеше жерден пышақтап, із қалдырмау үшін үйін өртеп жіберген. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтау барысында, екі мәйітті тауып алған. Марқұмдардың денесі жартылай жанып кеткен. Араға он ай салып күдікті ұсталды. Жауыздыққа барған азамат өзге емес, қос қарияның көршісі болып шықты. Ол ауыр қылмысқа баруына арадағы кикілжің себеп болғанын айтып отыр.

Қайрат Әбдіғалиев, ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы:

37 жастағы ер адам ұсталды. Ол жәбірленушілерді жақтырмаған. Кісі өлтіргеннен кейін ол әдейі үйді өртеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі