Алматы облысының Өтеген батыр ауылында анасы баласын өлтірмек болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.
Бірнеше пышақ жарақаты бар он жастағы бала 3 қараша күні түстен кейін ауруханаға түсті. Фельдшер жарақатты баланың анасы салғанын айтты. Бала 16 жерінен пышақталған, тіпті тамағы да кесілген, - делінген @angry_taldyk хабарламасында.
Баланы шұғыл түрде операциялық блокқа апарды.
Дәрігерлер бригадасы: хирургтар мен анестезиолог-реаниматолог операцияға кірісті. Сондай-ақ, баланың травматикалық және геморрагиялық шок алғаны анықталды.
Кейінірек баланың анасы соңғы үш күнде біртүрлі мінез байқатқаны белгілі болды. Ол өзін Tik-Tok кейіпкерлері өлтіргісі келетінін айтыпты. Ал ұлы оған ойынға қатысушылардың бірі болып көрінген. Қайта әйел 7 жасар қызына шабуыл жасамаған, - деп қосты автор.
Облыс полициясы күдіктінің ұсталғанын және полиция бөлімінде екенін мәлімдеді.
Оған қатысты сот-психиатриялық сараптама тағайындалды, бұлтартпау шарасын таңдалып, оны психологиялық диспансерге жатқызу мәселесі қарастырылуда. Заттай айғақтар мен қылмыс құралы – пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталады, деп толықтырды баспасөз қызметі.
Бақытжан Отарбаева