Нұр-Сұлтанда алты бала пеш түтінінен уланды

Zakon.kz
Бұл отбасы қыркүйек айында елордаға Қызылорда облысынан көшіп келген.

Нұр-Сұлтанда алты бала улы газдың құрбаны бола жаздады, отбасы саяжайда тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 қарашада сағат 7:40-та саяжай аумағында алты бала газдан уланған. Балалар 2009, 2011, 2013, 2017, 2020 және 2021 жылы туған. Улану дәрежесі орташа. Қазір дәрігерлер тексеріп жатыр, - деді ОКҚ брифингінде Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Райымқұлова.

Оның айтуынша, бұл отбасы қыркүйек айында елордаға Қызылорда облысынан көшіп келген.

Бұған дейін осы уақытша ғимаратта басқа отбасы тұрып, үй аумағында профилактикалық тексеру жүргізілген. Мұндай фактілер бізде тіркеледі. Дәл осы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көбірек көңіл бөлу үшін, пештегі жарықтар мен бұзылуларды жою үшін демеушілерді тартуға тырысамыз. Мұның бәрі жылы уақытта жасалады, - деп түйіндеді ол.

Бақытжан Отарбаева

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды