Әлеуметтік желіде төменгі сыныптағы оқушыларды ұрып-соғып, ақша талап еткен жоғары сынып оқушыларының видеосына қатысты шалт шешімдер қабылданды. Әлімжетікке қатысты екеу оқудан шығарылса, олимпиадалық резерві мектебінің директоры да жазасыз қалмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлсізге қиянатты қызық көрген видеоны 21 қазанда түсірген. Содан жойып үлгермеген дүниені білім ордасының психологы тауып алып, дабыл қаққан. Ал Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бұл жайты қатты әсер етсек керек, бірден шұғыл жиын өткізді, делінген "Еуразия" бірінші арнасы жаңалықтарында.
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Олимпиадалық резерв мектебінде болған бұл келеңсіз жағдай үлкен алаңдаушылық тудырады. Спортшылар әрқашан өздерінің командалық рухымен, әлсіздерді қолдауымен және көмегімен ерекшеленеді. Бұл мектепте, көріп отырғанымыздай, мұның бәрі жоқ.
Әкімнің жиынынан кейін әлімжеттік қылғандар оқудан шығарылып, Олимпиадалық резерв мектеп-интернатының директоры Тұрсынбай Тоққожынов қызметінен босатылды. Мәдениет және спорт басқарма басшысы мен қала әкімінің кәмелет жасқа толмағандарға жауапты орынбасары тәртіптік жазаға тартылады, - деді аймақ әкімі. Ал полициядағылар қылмыстық іс қозғаған.
БАЯН БАЛТАБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРАТМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
Степногор мектеп-интернатында дене жарақатын салу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-ші бабының 1-бөлімі бөлігі, "Балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті орындамау" және 194-бабы, "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бұл істі полициядан бөлек, өңірдегі прокурорлар да жіті бақылауына алған.