Нұр-Сұлтанда 37 жастағы әйел көлік рөлінде мас күйінде ұсталды

Zakon.kz
Chevrolet Cruze маркалы автокөлігінің жүргізушісі 37 жастағы әйел болып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция патрулі мас күйінде көлік айдаған жүргізуші әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Chevrolet Cruze маркалы автокөлігінің жүргізушісі 37 жастағы әйел болып шықты.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 15 тәулікке ПД арнайы қапасына қамалды, сондай-ақ ол 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - деді Нұр-сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтанда "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 6,5 мыңға жуық жол ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде 61 қоғамдық көлік жүргізушісі жол қозғалысын бұзған, 220-дан астам жүргізуші көлікті басқару кезінде телефон пайдаланған, 629 азамат қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған. Сондай-ақ, 300-ге жуық жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған, бағдаршам белгісін елемеген 200 жүргізуші мен 65 мас жүргізуші ұсталды.

Дайана Тоқберген

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты