ШҚО-да оқушы жарты миллион теңге ұрлап кетті

Сурет: Zakon.kz
Оқушыны полицейлер қол іздері арқылы тауып алды

Қараша айының ортасында Өскемен қалалық Полиция басқармасы Үлбі ПБ «102» жедел арнасына облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны хабарласып, сол күні кешкі уақытта белгісіз адам үйінің ауласында ашық тұрған «ВАЗ» көлігінің салонынан қомақты қаражатты ұрлап кеткені туралы айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келтірілген залал 510 000 теңгені құрады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ұрының саусақ іздерін анықтады, сондай-ақ ұрлық жасалған сәт «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенге түсіп қалған.

- Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысының жеке басын анықтаған. Тексеру барысында кәмелетке толмаған баланың бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны және қыркүйектен бастап Өскемен қ. ПБ-да есепте тұрғаны анықталды. ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев

Жасөспірім апасымен бірге тұратыны, ал анасы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.

Бала ШҚО білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Бұдан кейін жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды