Қошмамбетов бұл ретте шешім әрбір нақты жағдайды арнайы комиссия қарап, шығарған қорытындылары негізінде қабылданатынын атап өтті. Қазірдің өзінде Үкімет оның ережесін әзірлеп, бекітіп жатыр.
Оның айтуынша, форс-мажорлық жағдайлар туралы куәлікті қаланың кәсіпкерлер палатасына жүгіну арқылы алуға болады.
Несиелер мен салық төлемдерін кейінге шегеруге қатысты мәселе, Қошмамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта Үкімет деңгейінде қарастырылып жатыр.
Бұдан бөлек, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен енгізілген төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғаларды қолдау шаралары бекітілді. Құжатқа сәйкес, кредиттік ұйымдар ТЖ кезінде қаржылық жағдайдың нашарлауының немесе тиген зиянның объективті себептері болған жағдайда қарыз алушының банктік қарызы немесе микрокредит шарттары бойынша негізгі борышы мен белгіленген сыйақылары бойынша төлемдерді уақытша тоқтата тұрады. Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов
"Кәсіпкер нысан жұмыссыз қалған уақыттағы қызметкерлердің жалақысы бойынша шығындарды залал сомасына қосуға бола ма" деген сұраққа ол былайша жауап берді:
Бизнестің тоқтап тұруына байланысты, мысалы, тез бұзылатын өнімдер мен жалға алу ақысы сынды шығыстар сияқты қызметкерлер жалқысы да залал ретінде есептелмейді.
Жалға алу ақысы мәселелері бойынша дауларды реттеу үшін кәсіпкерлерге аудандық комиссияға өз бетінше арыз беру ұсынылады, өз кезегінде олар шығын көлемін анықтағаннан кейін шешім қабылдап, қорытынды шығарады.
Өтеу сомасының есебі келтірілген залалдың үш түрі: жылжымайтын мүлік (ғимараттар мен құрылыстар); бүлінген жылжымалы мүлік пен жабдықтар; ұрланған тауарлар бойынша жүргізіледі.