Жаңалықтар тізбегі
0

Жайықтың суы қауіпті шектен асты. Атырау облысындағы су тасқыны жағдайлары бақылауда

Су тасқыны, Атырау облысы, Жайық өзені, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2024 17:42 Сурет: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Жайық өзеніндегі су Атырау облысында қауіпті деңгейден асты. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ-да өткен брифинг барысында өңірдегі су тасқыны жағдайларына байланысты соңғы мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құлсары қаласы, Жылыой ауданы:

Қазіргі уақытта 78 үй судан тазартылды, бүгінде су астында қалған әлі 27 үй бар. Сорылған судың жалпы көлемі 4 миллион текше метрден асады.

Сонымен қатар 1 860 нысанға дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. 16 тұрғын үй және үш заңды нысанға тоқ берілді. 

4 мамырдағы жағдай бойынша, келтірілген залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия азаматтардан 2 818 өтініш қабылдады, 3 657 зардап шегушіге 100 АЕК мөлшерінде біржолғы материалдық көмек берілді.

Сондай-ақ, қалада санитарлық тазарту жұмыстары жалғасуда, соңғы тәулікте 500 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.

Атырау облысы, Индер ауданы:

Жайық өзенінің суы Индербор ауылы маңында кенерінен асып, 856 см құрады, ал қауіпті деңгей - 845 см.  Жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда, салынған бөгеттердің жалпы ұзындығы - 30 км, орташа биіктігі - 4,5

Орал өзенінің жағалауында орналасқан ауылдарда эвакуациялық пункттер, тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда 1,5 мың бас мал қауіпсіз жерге шығарылды.

Махамбет ауданы:

Жайық өзенінің суы Махамбет ауылы маңында 848 см құрап, қауіпті деңгейге жетіп қалды, ал бұл арадағы қауіпті деңгей: 850 см.

салынуы тиіс бөгеттердің жалпы ұзындығы - 65,5 км, орташа биіктігі - 2,5-3 м. Орындалған жұмыстар көлемі - 100%. 1,5 шақырымдық бөгетті биіктету және нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарсуат және Құрылыс ауылдарының бойында тәулік бойы кезекшілік пункттері жұмыс істеп жатыр.

Атырау қаласы

Жайық өзенінің суы Атырау қаласы маңында 490 см құрады, ал мұндағы қауіпті деңгей: 550 см.

4 мамырдағы жағдай бойынша, жоспарланған 250,7 шақырым бөгеттің 249,1 шақырымы соғылды. Орындалған жұмыстар көлемі 99,5% құрайды. Қауіпті учаскелерде кезекшілік ұйымдастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: